ҚР Заңнама институты ҚР Үкіметі жанындағы ғылыми мекеме болып қайта құрылады

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Дәмир Бәйменов/ - ҚР Заңнама институтын ҚР Үкіметі жанындағы ғылыми мекеме болып қайта құру жөнінде ұйғарым жасалды. Бұл жөнінде жұма күні ҚР Әділет министрлігінің алқа отырысы барысында ведомстваның вице-министрі Дулат Қосдәулетов журналистерге мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктің сансыз көп ведомствоаралық комиссиялары бесеу болып біріктірілетін болады. Осыған байланысты іргелі ғылымдар мен салалық институттарды дамытатын боламыз. Мысалы, ЖШС ретінде өмір сүріп отырған Заңнама институты ҚР Үкіметі жанындағы ғылыми мекеме болып қайта құрылатын болады», - деді Д.Қостдәулетов.

Оның айтуынша, институт заңнама бастамашыларының үш субъектісіне: Президенттің Әкімшілігіне, Үкіметке және ҚР Парламент депутаттарына қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, ғылым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да салаларда сараптама жүргізу үшін ғылыми әлеуетті жинақтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар