ҚР заңнамасына үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы заңнаманы «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.