ҚР заңнамасына жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және жалпыға бірдей декларациялауды кезеңімен енгізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.