ҚР жаңа ҚІЖК-інде миллиондарды жымқырған адамның мүлкін сот үкімінсіз тәркілеу көзделеді

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылар кеңесі еліміздің жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылауға арналған отырыс өткізді.

ҚР жаңа ҚІЖК-інде миллиондарды жымқырған адамның мүлкін сот үкімінсіз тәркілеу көзделеді
Алқалы жиын барысында Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасының жекелеген нормалары, олардың ҚР Конституциясы мен еліміздің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігі жан-жақты талқыланды. Мәселен, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі Анар Жайылғанованың атап өтуінше, бүгінде миллиондаған қаржыны жымқырып шетел асқандардың мүлкін, қаржысын тәркілеу мүмкін болмай отыр. «Өйткені, аталған адамға қатысты сот үкімін шығарған жоқпыз. Ал сот үкімі шықпаса, оның мүлкін немесе қаражатын тәркілей алмаймыз. Ендігі уақытта заман талабына сәйкес, аталған адамның кінәсі тергеу амалдары барысында дәлелденсе, онда жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексінде сот үкімін шығармай-ақ мүлкін тәркілеу көзделген»,- дейді ол. Айта кетерлігі, жаңа кодекс 16 бөлімнен, 72 тараудан және 677 баптан тұрады.