ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Асламбек Мерғалиев
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Берік Асылов Қазақстанның Бас прокуроры лауазымына қайта тағайындалғанын жазғанбыз.