ҚР Жоғарғы Cотының Төрағасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Жоғарғы Cотының Төрағасы Қ. Мәми Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл - мемлекет пен оның егемендігінің мызғымас негіздерінің бірі.

Жоғарғы Cот Төрағасы жиналғандарды мерекемен құттықтай отырып, бейбіт әрі баянды болашақ тіледі.

Салтанатты жиында Қайрат Мәми құрметті демалысқа шыққан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Cотының судьялары Нұрия Құрманқызы Сынғалиева және Николай Иванович Мамонтовты құттықтап, оларға құрмет белгілері мен сыйлықтар тапсырды.

Судьяларды құттықтай отырып, Қ.Мәми: «Судьялар өз қызметіне көп жылдар бойы адал еңбек етті. Кәсіби біліктілігі зор бұл судьялар өз білімдері мен тәжірибесін бөлісу арқылы жас судьялардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың еңбектері мемлекеттік және ведомство тарапынан жоғары бағаға ие болды», - деген жылы лебізін білдірді.

Осы жиналыста Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты сайлаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Серік Ахашұлы Абдрахманов пен Мейрам Құрмашұлы Жанғұттинов таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар