ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі төрағасының міндеттерін атқару Талғат Донақовқа жүктелді

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасының Өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі төрағасының міндеттерін атқару Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Донақов Талғат Советбекұлына жүктелді.

ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі төрағасының міндеттерін атқару Талғат Донақовқа жүктелді

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.