ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Т.С.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінен хабарлады.
Отырыста сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді.