ҚР Жоғарғы соты БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Астанада ҚР Жоғарғы сотының ғимаратында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін алда келе жатқан Баспасөз күнімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков журналистерді жемісті шығармашылық жұмыстарымен және сот саласын реформалау идеясын насихаттауға атсалысып келе жатқандары үшін алғыс білдірді. «Сот жүйесі алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру барысында сіздермен өзара түсіністік табамыз және біздің кәсіби байланысымыз беки түседі деп үміттенемін», - деп атап өтті ол.
2008 жылға жасалған мониторинг бойынша «Егемен Қазақстан» және «Айқын» басылымдарының журналистері, сондай-ақ «Хабар» ақпараттық агенттігінің продюсері бағалы сыйлықтармен марапатталған. Солардың қатарында «ҚазАқпарат» ҰК-ның журналистері де бар.