ҚР Жоғарғы сотына «электрондық үкімет» порталы арқылы 38 369 талап арыз түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Электрондық үкімет» порталы арқылы 38 369 талап арыз түсті, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.

ҚР Жоғарғы сотына «электрондық үкімет» порталы арқылы 38 369 талап арыз түсті

«Сот жүйесін қолжетімді ету және оны оңайлату мақсатында Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың Интернет-ресурстарында азаматтар үшін «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» электрондық сервистері іске қосылды. Осы сервистер арқылы азаматтар онлайн режімінде электрондық түрде талап арыз бере алады, сондай-ақ сот актісімен жедел таныса алады», - делінген хабарламада.

ҚР Жоғарғы сотының ақпаратына қарағанда, есепті кезеңде «электрондық үкімет» порталы арқылы 38 369 талап арыз, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш және хаттамаға ескертулер түсті. Бұл барлық 2013 жылға қарағанда 1,5 есеге артық.

«Тұғырнамасы біркелкі және орталықтан басқарылатын Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың Интернет-ресурстары жаңартылды. Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсының рейтингі 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік органдардың ресми сайттарының арасында 29 орыннан 2 орынға көтерілді. Сайтқа келушілердың саны 2 есеге өсті және тәулігіне 2 500-ден астам келушілерді құрайды», - делінген ведомство ақпаратында.