ҚР Жоғарғы сотында сот істерін қашықтан қарау мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот және құқық қоғау органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-әрекетінің мәселелерін талқылаған мәжіліс өтті, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

ҚР Жоғарғы сотында сот істерін қашықтан қарау мәселелері талқыланды

Мәжіліске Астана қаласы аудандық соттарының өкілдері Бас прокуратураның ҚСАЕК, Ішкі істер министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері, Астана қаласы аудандық соттары кеңсесінің меңгерушілері, ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Мәжілісте істі қашықтан қарау кезінде видеоконференцбайланыс жүйесін қолдану, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Талондарды беру, құқық бұзушы жайлы деректерді беру бөлігіндегі Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен интеграциялану мәселелері және т.б. талқыланды.

Жоғарғы сот жанындағы департамент жоғарыда көрсетілген Талондарды беру туралы ұсынысты енгізді, бұл қатысушыларды сот процестерін тағайындау күні туралы және шығарылған сот актілері туралы үрдіспен жедел ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

Мәжіліс барысында ІІМ ведомстволық бағынысты органдарын сотқа материалдарды жеткізу тетіктерін оңайлату және үкімдердің орындалуы жөнінде мәліметтер алу үшін «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне» қатысушылардың құрамына енгізу мәселелері талқыланды.

Мәжіліс соңында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты жалғастыратын шаралар барысы анықталды.