ҚР Жоғарғы сотының пленарлық мәжілісі өтті

АСТАНА.  Шілденің 1-і.  ҚазАқпарат  - Бүгін   Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының     пленарлық отырысы  өтті,  онда  мұрагерлік  туралы    заңнаманы  қолдану   және оның сотта  орындалуы  туралы   нормативтік    қаулылардың  жобалары  талқыланды,
None
None

 деп хабарлады ҚазАқпаратқа   Жоғарғы соттың  баспасөз қызметінен.

 Қаулылар   мұрагерлікпен байланысты  және атқарушы  өндіріс  саласындағы   істер  бойынша  сот  тәжірибесіндегі   ортақ әдістемелерін   әзірлеу мақсатында жасалып  отыр.

 Пленарлық  отырыстың  шешімімен   судьялардың   республикалық   тәртіптік-біліктілік   алқасының  құрамына, Жоғарғы соттың   басқа  жұмысқа ауысқан бұрынғы судьясы   А.Әбдіқадыровтың  орнына   Жоғарғы сот судьясы   А.Линник   сайланды.   Сондай-ақ «ҚР Жоғарғы Кеңесі  жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес»    туралы  ереже  қабылданды,  кеңестің  құрамы бекітілді.  Және  Жоғарғы сот жанындағы  Сот  әкімшілігі  жөніндегі комитет   әзірлеген  судья мантиясының  жаңа  үлгісі  бекітілді

 Пленарлық    отырыс   белсенді қоғамдық     қызметтері  мен  әділ сот атқарудағы жетістіктері   үшін Жоғарғы сот судьялары    М.Балтабай мен    И.Тоқболатовты    «Үш би»  медалімен марапаттау  рәсімімен   қорытындыланды.

Соңғы жаңалықтар