ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы өз міндетін адал және абыройлы атқаруға салтанатты түрде ант қабылдады
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы Мұсабек Әлімбеков Парламент Сенатының отырысында өз міндетін адал және абыройлы атқаруға,
сот төралқасы жұмысын ҚР Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышы міндеттегендей бейтарап және адал болуға салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес, қызметіне бірінші тағайындалған Жоғарғы сот судьясы Сенат отырысында ант береді. Осыған байланысты ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Сенат отырысында ант қабылдады.