20:58, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Краковта НАТО елдері қорғаныс ведомствосы басшыларының кездесуі басталды
БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Бүгін Краковта (Польша) НАТО-ға мүше-елдердің қорғаныс ведомствосы басшыларының екі күндік бейресми кездесуі басталды, оған Альянсқа шақырылған мемлекеттер Албания мен Хорватияның қорғаныс министрлері де қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
НАТО-ның Ауғанстан мен Косовоға операциялары, Сомали қарақшыларымен күрес жүргізу мәселелері кездесудің өзекті тақырыбына айналмақ. Альянсты бұдан әрі жаңғырту, сәуірдің 3-4-де Страсбург пен Келеде өтетін НАТО саммитіне дайындық барысы да талқыланады.
Министрлер ISAF форматы бойынша өздерінің ауғандық әріптесі Абдул Рахим Вардакпен және БҰҰ Бас хатшылығының Ауғанстандағы арнайы өкілі Кай Эйдемен де кездеседі. Елдің ұлттық әскерінің НАТО-ны қолдауы, ауған полициясына көмекті ұлғайту, алдағы сайлау мен саяси-әскери жоспардағы мәселелер талқылаудың басты тақырыбына айналады.Кездесудің екінші күні Украина-НАТО және Грузия-НАТО комиссиясының отырысы өтеді.