Краснодар өлкесінің әкімдігі үкіметтен «Азов-Сити» ойын аймағын Қара теңіз жағалауына көшіруді сұрап отыр

РФ үкіметі аталған мәселені алдағы таяу уақыттарда қарайтын болады. Бүгінде жұмыс істеп тұрған казиноны көшірудің алдын ала шығыны - 2-ден 6 млн. рубльге дейін жетеді деп есептелуде, деп хабарлайды РБК.
«Азов-Сити» ойын аймағын Краснодар өлкесінің Қара теңіз жағалауына көшіру туралы шешім көлік қатынасының тым алыстығынан деп отыр. «Біз алдымызға үлкен міндет қойып отырмыз: біз ойыншылар үшін тұйық аймақ емес, керісінше өте сапалы, сұлу отбасылық үлгідегі демалыс орындарын салуды қарастырудамыз», - деп атап өтті А.Агафонов.
Вице-губернатордың айтуынша, жаңа жобаның үштен бір бөлігі казино ойынына арналса, келесі үштен бір бөлігінде - жағажайлық инфрақұрылым мен қонақ үйлер орын теппек, жобаның келесі үштен бір бөлігі - көңіл көтеру орындарына айналады.
А.Агафоновтың айтуынша, инвесторлар мүддесі қорғалатын болады. «Бірде-бір инвестордың бір тиыны да жоғалмайды, біз бұған кепіл боламыз. Біз «Азов-Сити» инвесторларының мүддесін қорғаймыз», - деді өлкелік вице-губернатор. Оның айтуына қарағанда, казино қалашығын орналастырудың екі-үш үлгісі жасалып қойған.
Атап айта кету керек, «Азов-Ситида» бүгіннің өзінде алғашқы «Оракул» казиносы жұмыс істеуде, оны «Роял Тайм» компаниясы тұрғызды. Екінші казиноны «Парк-Сити» құрылыс компаниясы тұрғызуда, бұл нысан таяу арада пайдалануға беріледі.