Краснодарда жолаушылар ұшағының есігі дұрыс жабылмай, әуе кемесі апатты жағдайда қонды

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеуге ұшып шыққан Boeing жолаушылар ұшағы Краснодар әуежайына апатты жағдайда қайта қонуға мәжбүр болды.

Краснодарда жолаушылар ұшағының есігі дұрыс жабылмай, әуе кемесі апатты жағдайда қонды

Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлауда.

Ақпараттарға қарағанда, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 2 минуттан соң, салон есігі дұрыс жабылмауы салдарынан ұшқыш кабинасындағы апаттық дабыл іске қосылған. Осыдан кейін экипаж әуежайға оралуға шешім қабылдады. Оқиға себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ.