Краснояр өлкесінде екі автобус соқтығысып, 11 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Краснояр өлкесінің оңтүстігінде рейстік автобус пен шағын автобустың соқтығысуы салдарынан 11 адам ажал құшып, 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости, өлкелік ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Ирина Мужецкая.
Апат бейсенбіде М-54 "Енисей" тас жолының 143-ші шақырымында сағат таңғы 4-те орын алды. Алдын ала деректерге сүйенсек, ішінде 24 жолаушы бар Hyundai автобусы Қызылдан Красноярскіге бара жатқан. Өңірлік ІІМ бұдан бұрын қаза болғандардың санын 9 деп хабарлаған.
«Алдын ала анықталғаны, автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, Лесосибирск-Шушенское бағыты бойынша бет алған Mercedes Benz шағын автобусымен соқтығысқан. Соңғысында болған 11 адам қаза тапқан, оның ішінде жүргізуші мен тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды», - деді Мужицкая. Ол шағын автобуста неше адам болғаны әзірге анықталмағанын атап өтті.
Апат орнына ІІМ өлкелік басқармасының жедел тергеу тобы, Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының басшысы жетті. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел қызмет жұмыс жүргізуде.