Краснояр өлкесінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, құрбан болғандар бар

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснояр өлкесінде Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Краснояр өлкесінде жолаушылар   ұшағы апатқа ұшырады,  құрбан болғандар бар

Оқиға дүйсенбі күні кешке, мәскеу уақыты бойынша сағат 21.40-та, лайнер қонуға бара жатқан кезде болған.

Ұшақ Игарка қаласы әуежайының ұшып-қону алаңына 700 метрдей жетпей құлаған. Апат салдарынан ондағы барлық 12 жолаушы мерт болған, ал экипаждың үш мүшесі аман қалған, деп хабарлайды РБК агенттігі.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша, Красноярдан осы рейсті орындаған Ан-24 ұшағы "КАТЭК-Авиа" компаниясынікі.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ұшақ қонар кезде аэродром үстінде жаңбыр жауып тұрған.