Красноярда бір бөлмелі пәтерде 60 мысық қараусыз қалды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысықтарды өте жақсы көрген 68 жастағы зейнеткер әйел оларды 12 жылға жуық уақыт бойы үйінде жинаған. Бұл әрекеті жақындары және көршілерімен талай рет ұрысуға себеп болған.
Олар Краснояр тұрғынының бір бөлмелі пәтерін даладағы жануарлардың панасына айналдыруына қарсы болды.
Зейнеткер әйел ауруханаға түскенде, көмекке «Адалдық» аймақтық ұйымының белсенділері келіп, науқастың пәтерінен барлық қоқыс пен өлі жануарларды шығарды. Ұйымның қатысушылары әйелдің туыстарымен сөйлесіп, мысықтарды далаға қалдырмай, оларға пана табуға уақыт беруін өтінді.
Еріктілер 30-ға жуық мысыққа пана тапты, алайда тағы 30-ы жаңа үйге мұқтаж болып отыр, деп жазады informing.ru.