11:19, 10 Қараша 2013 | GMT +5
Красноярск Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың астанасы болып бекітілді
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Студенттік спорттың халықаралық федерациясының атқарушы комитеті (FISU) Красноярскіні 2019 жылы өтетін XXIX Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтетін орын ретінде бекітті.

Қыркүйек айының ортасында Брюссельдегі FISU кеңсесінде Красноярскінің Универсиада-2019-ды өткізуге ниет білдірген өтінішін тапсыру рәсімі өткен болатын.
Красноярскінің жалғыз қарсыласы швейцариялық Вале кантоны осыдан біраз уақыт бұрын өз кандидатурасын алып тастаған болатын, деп хабарлады Vesti.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 жылы Алматы қаласында өтеді.