Красноярск тұрғыны 5000 рет турникке тартылып, рекорд жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиатлон бойынша спорт шебері Николай Каклимов турникте тартылудан рекорд жаңартты, деп хабарлады interfax.ru дүйсенбіде РФ Красноярск әкімшілігі дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Судьялар алқасы 6 сағаттық межеде 54 жастағы Николайдың 3455 рет, түнгі 01:30-да 12 сағатта 4989 рет тартылған жаңа әлемдік жетістігін тіркеді», делінген хабарламада.

Марафон Красноярскіде № 144 мектепте өткені атап өтіледі.

«Марафон 13.30-да басталды. Бәрі кесте бойынша жүрді. Басында Каклимов 10 реттен, алтыншы сағатта бес реттен тартылды. Тұстастай марафон 12 сағатқа созылды», делінген баспасөз парағында.

«Алқа рекордты видеоға жазды. Оны Гиннестің рекордтар кітабына және Ресей рекордтар кітабына жіберуді жоспарлаудамыз, - деген Каклимовтың сөзін келтірген хабарламада.

Бұған дейін әлемдік рекорд Прагада 2014 жылғы 20 сәуірдегі 6 сағатта 3378 және 12 сағатта 4654-ке жеткізген 41 жастағы чех Ян Кареске тиесілі болған.

Соңғы жаңалықтар