Красноярскіде еркін және әйелдер күресінен "Иван Ярыгинді" еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаңтардың 29-31 күндері Ресейдің Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен "Иван Ярыгинді" еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Грек-рим, еркін және әйелдері күресі федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.

Дәстүрлі бұл Гран-при турнирі қарсаңында командалардың бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтпек. Қаңтардың 14-і күні басталатын бұл шараға жарыс қожайындарынан басқа, Қазақстан, Украина, Моңғолия және тағы басқа елдердің балуандары қатыспақ. Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Саржан Жақсыбеков бұл жиынға 12 балуанды шақырып отыр. Олардың арасында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Елена Шалыгина (67 кг), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ольга Жәнібекова (72 кг), Азия чемпиондары Жұлдыз Эшимова (51 кг) мен Татьяна Бакатюк (51 кг) және Азия чемпионатының қола жүлдегері Айым Әбділдина (55 кг) бар. Жарысқа қатысушылар қаңтардың 28-і медициналық тексеруден өтіп, 29-ы күні әйелдер күресінде 51, 59, 67 келі салмақтағы жеңімпаздардың есімдері белгілі болады. Ал 30-ы күні қалған 48, 55, 63 және 72 келідегі балуандардың жүлделері сарапқа салынады. Еркін күрес шеберлерінің белдесуінде алғашқы күні - 55, 66, 74, екінші күні - 60, 84, үшінші күні - 96,120 келі салмақтағы жеңімпаздар марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар