«Креатив хаб» халықаралық креативті индустрия орталығы құрылады

минкультуры
Фото: ОКҚ

«Креатив хаб» халықаралық креативті индустрия орталығы құрылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Министрлік креативті индустрияны дамытумен айналысып жатыр. Жұмыс екі бағытта жүргізілуде. Біріншісі – ұйымдастырушылық бағыт. Креативті индустрия секторын дамытудың институционалдық негізі қалыптасты. Министрліктің құрылымында мамандандырылған департамент құрылды. Қазір біз тиісті инфрақұрылымды: аймақтардағы креативті индустрия орталықтары мен хабтарын, сондай-ақ таланттарды іздеу және қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттауға және коммерцияландыруға жәрдемдесуді мақсат тұтатын «Креатив хаб» халықаралық креативті индустрия орталығын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, екіншісі – заңнамалық бағыт.

«Креативті индустрияны қолдау және дамыту туралы заң жобасы әзірленді. Ол зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы өзгертуді, мүмкіндігінше креативті индустриялар қауымдастығын қалыптастыру үшін мәдениет объектілерінде қосымша алаңдар ұсынуды, оқытудың білім беру бағдарламаларын ұлғайтуды, креативті индустриялар өкілдеріне салықтық преференциялар беруді көздейді. Бұл осы саланың дамуына қуатты серпін береді деген ойдамыз. Аталған заң жобасы Үкіметтің қарауында және қаңтар айында Мәжіліске түседі», - деді Аида Балаева.

Соңғы жаңалықтар