Кредит коллекшн тобы Қазақстан экономикасына 2,2 млрд. теңге қайтарды

 АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Кредит коллекшн тобы ел экономикасына 2,2 млрд. теңгені қайтарып, 60 мың азаматтың қарызын қайтаруға көмектесті.

Кредит коллекшн тобы Қазақстан экономикасына 2,2 млрд. теңге қайтарды

Бұл туралы бүгін Алматыда халықаралық компаниялар тобының Қазақстандағы қызметінің 3 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Мәселелі  қарызды өндіру және қарыз қоржынын сатып алуды кәсіби басқаруға маманданған компаниялар тобы 2006 жылы құрылған болатын. Өз қызметін ТМД аумағында  жүзеге асыратын олардың басқаруында 1 млрд. доллардың 0,5 миллионға жуық іс бар.

Кредит коллекшн тобы  компаниясының бас директоры Ерік Асылсейіттің айтуынша, олар бүгінгі таңда достастық елдері аумағындағы 4 мемлекетте жұмыс жасауда. Мәселен олар Қазақстандағы үшжылдық қызметі кезінде ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қоса алды.