Кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жол картасы әзірленді
«Азаматтарды алаяқтардан қорғауды арттыру мақсатында агенттік кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жөніндегі жол картасын әзірледі», - деп атап өтеді ол жауабында.
Оның атап өтуінше, жол картасы аясында:
1) қаржы ұйымдарымен алаяқтық операциялар және осындай операцияларға тартылған адамдар бойынша деректер ақпарат алмасу үшін Антифрод-орталық құру;
2) алаяқтық белгілері анықталған кезде клиенттің өтініші бойынша ақшаға қолжетімділікті тоқтату тәртібін әзірлеу;
3) кредиттік алаяқтықты, жалған шопингті немесе өзге де заңсыз қызметті анықтаудың онлайн жүйесінің болуы бойынша кредиттік бюроға қойылатын талаптарды белгілеу;
4) жеке тұлғаларға берілген онлайн қарыздар туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде кредиттік бюроларға беру жөніндегі талаптарды белгілеу;
5) банктерге және МҚҰ-ға онлайн кредит алуға өтінімнің келіп түскені, сондай-ақ онлайн кредитті ресімдеуге оның растамасын алғаннан кейін ғана клиенттің шотына ақша аудару мүмкіндігі туралы клиентті хабардар ету бойынша талаптарды енгізу;
6) онлайн режимде микрокредиттер беру кезінде қаржы ұйымдарының мобильді қосымшаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыру көзделген.
«Сонымен қатар, агенттік бірінші рет кірген, құпиясөзді өзгерткен және қарыз алған кезде міндетті болатын биометрияны енгізді, қосымшаның жұмыс істеу қауіпсіздігінің бұзылу белгілері анықталған кезде мобильдік құрылғыны қол жеткізу құқықтарының бұзылу белгілерінің болуы немесе қашықтан басқару және функционалды бұғаттау процесінің болуы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырды», - деді Нұрлан Әбдірахманов.