Кремль АҚШ-тың Украинаға қатысты ультиматумына пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесін жіті қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Дмитрий Песков Ресей тарапы барлық нюанстарды мұқият түртіп отырғанын атап өтті.
«Біз тең дәрежедегі және өзара сыйластыққа негізделген диалогқа дайынбыз», бұл туралы Мемлекет басшысы Дональд Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезіндегі диалогында айтқан болатын.
— Біз әзірге түспеген сигналды күтеміз, — деді Дмитрий Песков.
Сондай-ақ, баспасөз хатшысы Дональд Трамп бірінші президенттік мерзімінде де санкция әдістерін ұнатқанын еске салды.
Айта кетейік, 22 қаңтарда АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп Мәскеуді Украинадағы қақтығысты тоқтатуға шақырып, олай болмаған жағдайда Ресейдің АҚШ-қа экспортталатын барлық тауарына санкция мен баж салығын енгізетінін айтып, қорқытқан болатын.
АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде Дональд Трамп Ресей-Украина қақтығысын тез арада шеше алатынын бірнеше рет айтқан.