Кремль Беларусьтегі сайлауды қадағалауға уәде берді

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Беларусьте өткізілетін президент сайлауының барысын қадағалайтын Ресей бақылаушылары дауыс берудің нәтижесіне және сайлау қорытындыларына баға беретін болады.

Кремль Беларусьтегі сайлауды қадағалауға уәде берді

Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды.

"Беларусь президентін сайлаудағы барынша әділ бағаны Ресей бақылаушылары беретін болады", - деп хабарлайды агенттік. Беларусьте президент сайлауы 2010 жылғы желтоқсанның 19-ына белгіленген.