«Кремль кубогы» халықаралық турнирінде қазақстандық теннисші М.Кукушкин үздік бестіктің қатарына енді

АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Михаил Кукушкин Мәскеуде өткен  «Кремль кубогы» халықаралық турнирінде үздік бестіктің қатарына енді,

«Кремль кубогы» халықаралық турнирінде   қазақстандық  теннисші  М.Кукушкин үздік бестіктің қатарына енді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда ақтық финалда сербиялық Янко Типсаревичтен 7:6, 0:6, 4:6 есебімен басым түскен жарыс қожайыны Михаил Южный жеңімпаз атанды. Ал жартылай финалда аттасы М. Южныйға 2:6, 1:6 есебімен есе жіберген қазақстандық М. Кукушкин украиндық Илья Марченкомен  3-4 орынды бөлісті. Жүлде қоры 2 миллион 80 мың 500 АҚШ долларын құрайтын бұл турнирде  жекелей сында ерлер арасында үздік шыққан спортшыға 170 мың доллар беріледі. Ал екінші орын алған 91 мың доллар, 3-4 орынды алғандар 50 мың доллардан алады.

Қазанның 17-сі күні жалауын көтерген бұл дүбірді додаға Қазақстаннан ерлер арасында - 3, әйелдер арасында 3 спортшы қатысқан болатын. Олардың  арасынан Юрий Щукин мен Сесиль Каратанчева  іріктеу сындарында сүрінсе,     Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова бірінші, ал Андрей Голубев екінші кезеңнен өте алмады.