Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесуі басталды

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Кремльде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бейресми кездесуі басталғаны хабарланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев пен Путин
Фото: Ақорда

Еске салсақ, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.

Президент Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті.

Осыған дейін ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Кремльде мемлекеттер басшыларының бейресми жеке кездесуі өтетінін жеткізді.

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Ресей Федерациясы Президентінің атынан кешкі ас беріледі.

Соңғы жаңалықтар