Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме – Бас санитар жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов православ дініндегі Крещение мерекесін өткізуге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме – Бас санитар жауабы

«Әзірге жекелеген өңірлерде жергілікті санитарлық қызметтердің шешімімен шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ жалпы республика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты жерлерде бұл шараларға тыйым салынбаған», - деп жауап берді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Крещениедегі суға түсу орындарын тиісті түрде әзірлеу туралы хаттар жіберілген.

«Әрине мұнда да, шара қатысушылары әлеуметтік қашықтық, жеке қауіпсіздік сынды талаптарды сақтауы тиіс», - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.