Криштиану Роналдо «Реалдан» 20 млн. еуро көлемінде жалақы талап етуде

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Мадридтің «Реалы» мен шабуылшы Криштиану Роналдо арасындағы келісім-шартты ұзарту туралы келіссөздер футболшының қаржылық талаптарына байланысты тоқтап қалды.

Криштиану Роналдо  «Реалдан» 20 млн. еуро көлемінде жалақы талап етуде

Португалиялық БАҚ мәліметінше, Роналдо жылына 20 миллион еуро сұраған. Бұл клуб ұсынған қаржы көлемінен 5 миллионға артық.

Қазіргі қолданыстағы келісім-шартқа сәйкес португалдық футболшының жылдық жалақысы 12 миллионға жуық.