Криштиану Роналду 100 миллион еуроға бағаланды

АСТАНА.  Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат -  Корольдік клубтың    португальдық   жартылай  қорғаушысы   Криштиану Роналду     100 миллион еуроға бағаланды.   Жаңа  клуб  футболшыны    әлемдік футбол тарихындағы ең үлкен сомаға   - 100 миллион еуроға сақтандырып  отыр, 

Криштиану Роналду 100 миллион еуроға  бағаланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Бірақ, сақтандыру  шарттары  бойынша,  ақша егер  ол  мансабын жалғастыруға  кедергі  болатын      жарақат алған жағдайда ғана төленетін болады.

Естеріңізге сала  кетейік,   Криштиану  Роналду    - қазіргі кездегі    әлемдегі  ең   қымбат футболшы.  Биылғы жаздағы  оның ағылшынның «Манчестер  Юнайтед» клубынан  Мадридтің «Реалына»  трансфері   испандықтарға 80 миллион  еуроға түсті,  бұл      бразилиялық  Каканың   Миланнан   Корольдік клубқа ауысуына төленген сомадан 24 миллион еуроға  артық.