Криштиану Роналду 2008 жылдың үздік футболшысы деп танылды

БЕРН. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Португалдық спортшы Криштиану Роналду Футбол қауымдастықтары халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша 2008 жылдың үздік футболшысы деп танылды.
None
None
Жеңімпаздың есімі кеше Швейцарияда өткен салтанатты рәсімде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап. «Манчестер Юнайтед» клубы үшін ойнайтын Роналду бұл құрметті атақ үшін таласта аргентиналық Лионель Месси («Барселона»), бразильдік Кака («Милан»), 2008 жылы Еуропа чемпионатында Испания құрамасының жеңімпаз атануына айтулы үлес қосқан испандықтар Фернандо Торрес («Ливерпуль») пен Хави Эрнандес («Барселона») сынды футболшылардан озып отыр.
Соңғы жаңалықтар