Криштиану Роналду - әлемнің ең танымал футболшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық спорттық маркетингілік зерттеулерге мамандандырылған Repucom агенттігі "Реал" форварды Криштиану Роналдуды әлемнің ең танымал футболшысы деп таныды, деп хабарлады www.sports.ru.
Португалия құрамасының капитанын әлем жұртшылығының 83,9 пайызы біледі. Италияда, Германияда, Испанияда, Түркияда және Аргентинада бұл көрсеткіш 95 пайыздан асты. Сонымен бірге 82,5 пайыз адам Криштиану Роналдуды қазіргі қоғамдағы сән әлемнің көшбасшысы деп санайды.
Екінші орынға "Барселона" мен Аргентина құрамасының форварды Лионель Месси жайғасты, ол әлемнің ең жоғары ақы төленетін футболшысы (27,5 млн. доллар) болып табылады.
Үздік үштікті "Барселонаның" қорғаушысы Жерар Пике тұйықтады, оны сауал салынған адамдардың 58 пайызы таниды. Испанияда бұл көрсеткіш 97 пайыздан асады.
Сондай-ақ әлемдегі танымал футболшылардың қатарында Фернандо Торрес («Челси»), Неймар («Барселона»), Уэйн Руни («МЮ») және Златан Ибрагимович («ПСЖ») бар.
Зерттеуге 13-69 жас арасындағы 6500 адам қатысты, олар халықаралық нарыққа (Аргентина, Бразилия, Қытай, Франция, Германия, Үндістан, Италия, Мексика, Ресей, Испания, Түркия, Ұлыбритания және АҚШ) жататын 1,5 млрд. адамның көзқарасын білдіреді.