Криштиану Роналду Еурокубокта салынған голдардың саны бойынша жаңа рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 77-ші голды салып, Еурокубок ойындарында соғылған голдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты.

Криштиану Роналду Еурокубокта салынған голдардың саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлайды.

Бұл голды ол сейсенбі күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалында немістің «Шальке» командасымен өткен кездесуде салды. Ойын Мадридте өткен болатын. Бұл көрсеткішімен ол бұған дейінгі рекорд иелері «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Рауль мен «Барселонаның» даңқты шабуылшысы Лионель Мессиден озып кетті.