Криштиану Роналду Еуропа чемпионаттары тарихындағы үздік шабуылшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Португалия құрамасының 29 жастағы ойыншысы Криштиану Роналду біліктілік матчтарын қоса ескергенде, Еуропа чемпионаттарының жалпы тарихындағы үздік шабуылшы атанды.

Криштиану Роналду Еуропа чемпионаттары тарихындағы үздік шабуылшы атанды

Жұма күні Португалияның Фару қаласында Euro-2016 іріктеу турнирінің Армения командасына қарсы өткен матчында Криштиану Роналду ойынның 71-ші минутында өзінің Еуропа чемпионаттарындағы 23-ші голын соқты. Сонымен бірге бұл оның ел құрамасындағы 52-ші голы еді. Португалия-Армения матчы 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. ФИФА нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысының есебінде барлығы 450 соғылған доп бар. Бес голды ол «Спортинг» (Лиссабон) үшін соқты, 118 голын - «Манчестер Юнайитед» үшін, ал 275 голын өзі осы күні ойнап жүрген «Реал» клубы үшін және 52-сін ұлттық команда үшін соққан екен, деп хабарлайды Интерфакс.