Криштиану Роналду футбол әлемімен қашан қош айтысатынын мәлім етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду неше жаста спорттағы мансабын аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлады мадридтік «Реал» сайтына сілтеме жасай отырып «Спорт-Экспресс».
«Қуатым барда, ойнай беремін деп айтуыма болар еді, алайда өзім шамамен 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын», - деді Роналд - Әрине, ол жасқа жеткенде, пікірім өзгеруі де мүмкін».
Роналду мансабын қай клубта аяқтайтынын нақ басып айта алмады. «Білмеймін, бұл әзірге белгісіз», - деді ол. Еске сала кетейік, Криштиану Роналду «Алтын доптың» екі дүркін иегері және соққан голдарының саны бойынша Португалия құрамасының рекордшысы.