Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты

 Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты
Фото: sports.kz

Португалия мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясынан мәлім еткендей, Сауд Арабиясы чемпионатының жетінші турында «Аль-Наср»«Аль-Ахли» клубын 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Бұл Роналдудың спорттық жолындағы жеңіліссіз өткізген 1001 матчы еді.

Соның ішінде 777 жеңіс болса, 224-і тең ойын.

Криштиану «Аль-Наср» сапында 28 (барлығы 33), «Ювентуста» 114 (134), «Реалда» 386 (438), «Спортингте» 21 (31), Португалия құрамасында 158 (201) ойында ұтылмаған. Ол барлығы 1183 кездесуге қатысқан.

Соңғы жаңалықтар