14:09, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Криштиану Роналду көлік жүргізу куәлігінен айырылды
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» және Португалия футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Испания астанасында өзінің жүргізуші куәлігінен айырылды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Өз көлігімен үйіне бет алған футболшы жолда жүру ережесін бұзып қана қоймай, тиісті жерде аялдау тәртібін сақтамаған. Оның үстіне қызметінде жүрген сақшыға тіл тигізген.