Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ювентус» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Португалия футбол федерациясына сілтеме жасап.

К.Роналдудың COVID-19-ға тапсырған тестінің нәтижесі оның індетті жұқтырғанын көрскеткен.

Мәлім етілгендей, ол Ұлттар лигасы аясында Швеция құрамасына қарсы ойынға қатыспайды.

35 жастағы футболшыда коронавирус симптомсыз етуде. Ол оқшауландырылған. Команданың өзге мүшелерінен коронавирус анықталмады.


Соңғы жаңалықтар