Криштиану Роналду лейкемиямен сырқаттанған балаларға донор болды
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» футбол клубы мен Португалия құрама командасының серкесі Криштиану Роналду ер жігітке тән мәрттікке барып, өзінің сүйек кемігі майының бір бөлігін лейкемиямен сырқаттанған балаларға көмектесетін қорға берді. Ол лейкемиямен ауыратын балалармен кездесіп: «Сендер мен үшін нағыз қаһармансыңдар. Ауыр кеселмен күресу үшін үлкен күш-жігер мен табандылық керек»,- деді.
Бұл туралы muslim.kz хабарлады.
Криштиану Роналду тілшілерге берген сұхбатында айтқандай, ол «Бенфика» клубының және Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Карлуш Мартинштың баласының осы дертке шалдыққанын естіп, донор болуға бел байлаған.
Криштиану Роналду: «Егер «Алтын допты» иеленсем, осының құрметіне лейкемиямен ауыратын барлық баланы мерекеге шақырамын»,- деді.