Криштиану Роналду өзіне арналған мұражайды ашты
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду өзіне арналған мұражайды ашты.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, мұражайдың ғимараты футболшының балалық шағы өткен португалдық Мадейра аралында орналасқан.
Өз сөзінде Роналду «Алтын допты» алуға тағы да жолы болған жағдайда мұражайда оған бөлек бөлме қарастырылғанын атап өтті.