23:27, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Криштиану Роналду: «Португалия құрамасы сапындағы алғашқы ойынымды 2003 жылғы 20 тамыз күні Қазақстанға қарсы өткізгенім әлі есімде»
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду халықаралық аренада 100 матч өткізіп, УЕФА-ның сыйлығына ие болған кезекті аяқдопшы атанды, деп хабарлайды UEFA.com ресми сайты.
Ол Солтүстік Ирландияға қарсы матчта (1:1) өзінің ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойынын өткізді. Бүгінгі таңда оның еншісінде қарсыластар қақпасына соққан 37 доп бар.
«Португалия құрамасы сапындағы алғашқы ойынымды 2003 жылғы 20 тамыз күні Қазақстанға қарсы өткізгенім әлі есімде. Бұл менің ғұмырымдағы естен кетпес сәттердің бірі, ол мақтан тұта алатын үлкен өмірлік сапарға алғашқы қадам болды. Осындай жетістікке жетуге көмектескен барлық әріптестеріме алғыс білдіргім келеді. Кеше командалар алаңға шығар алдында жанкүйерлер «Әлемнің үздік футболшысы, 100 матч» деген үлкен баннер іліп қойыпты», - деп жазыпты Роналду өзінің "Facebook" парақшасында.