Криштиану Роналду Португалия құрамасында ойнай бергісі келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атақты футболшы Криштиану Роналду Португалия құрамасында ойнай беруге ниетті екендігін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Correio da Manhã мәлім еткеніндей, 37 жастағы шабуылшы осындай шешім қабылдаған.

К.Роналду құрама сапында қалып, 2024 жылғы Еуропа чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Ақпарат көзіндегі жазбаға қарағанда, жағдай португалиялық маман Фернанду Сантуштың болашағына байланысты. Ол Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен жақын арада кетуі мүмкін.


Шабуылшы қазіргі кезде өзінің бабында еместігін түсінеді. Бұл ретте ол мұны «Манчестер Юнайтед» клубының маусым алды жиынында болмағандығымен және жиі ойнамағанымен түсіндіреді.

К.Роналду Қатардағы әлем чемпионаты кезінде «Манчестер Юнайтед» сапынан кеткен болатын. К.Роналду капитаны болған Португалия ширек финалда Мароккоға 0:1 еебімен жол беріп, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды. Соңғы екі матчта Криштиану Роналду бапкер Ф.Сантуштың шешімімен қосалқы құрамда қалған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лионель Мессидің «Алтын допқа» басты үміткер атанғанын жазған болатынбыз.

Фото: championat.com


Соңғы жаңалықтар