Криштиану Роналду «Реалда» қалмаған жағдайда «ПСЖ"-ға көшуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Реалда» қалмаған жағдайда француздық "ПСЖ"-ға көшуге дайын, деп хабарлады "Евроспорт" Mundo Deportivo сілтеме жасап.

Криштиану Роналду «Реалда» қалмаған жағдайда «ПСЖ"-ға көшуге дайын

Роналду «Реалмен» жаңа келісімшарт жасасу бойынша Флорентино Переспен келіссөздер жүргізуге дайын. Егер Роналду мен «Корольдік клуб» президентінің келіссөздері нәтиже бермесе, португалиялық "ПСЖ"-ға көшеді.

Еске сала кетейік, Ла Лиганың ағымдағы маусымның 34 матчында Криштиану Роналду 31 гол соқты.