Криштиану Роналду спорттық мансабын АҚШ-та аяқтауға бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем футболының жұлдызы, мадридтік «Реалда» ойнайтын Криштиану Роналду болашақта АҚШ-қа ауысып, спорттық жолын сондағы MLS клубтарының бірінде жалғастырмаққа ниетті екенін мәлім етті.

Криштиану Роналду спорттық мансабын АҚШ-та аяқтауға бел буды

Сондай-ақ ол спорттық мансабын АҚШ-та аяқтауды көздеп жүргенін де жеткізді.

Португал шабуылшысының сөзіне қарағанда, АҚШ-та өмір сүруге және спортпен шұғылдануға тамаша жағдай жасалған.