14:55, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Криштиану Роналду УЕФА Суперкубогы үшін болатын матчқа қатыспайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 тамыз күні «Реал» форварды Криштиану Роналду УЕФА Суперкубогы үшін «Севильямен» арада болатын матчқа қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды championat.com.
Еуро-2016 ақтық ойынында Португалия құрамасы қатарында тізесін жарақаттап алған футболшы 3-4 апта ем қабылдайтын болады.
Футболшының осы жағдайын ескерген «Реал» басшылығы жарақаты асқынып кетпеуі үшін, Роналдуге толық күш жинауға мүмкіндік берді.