Криштиану Роналду үшінші мәрте «Алтын бутсы» иегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Криштинау Роналду 5 қараша күні кезекті рет «Алтын бутсы» иегері атанды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Роналду бұған дейін «Алтын бутсы» марапатына 2008 жылы «Манчестер Юнайтед» және 2011 жылы «Реал» сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде ие болған болатын. Ал биылғы марапатты Роналду уругвайлық Луис Суареспен бөлісіп отыр. Екі футболшы да 31 рет гол соққан.