Криштиану Роналду жанкүйердің тұмсығын бұзып, жейдесін сыйлады
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Мадридтің «Реал» футбол клубының шабуылдаушы әрі жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду жанкүйердің тұмсығын бұзды.
Испания чемпионатында «Хетафемен» (4:0) болып жатқан матч кезінде Роналдудың тепкен добы қиыс кеткен. Ойыннан соң жартылай қорғаушы зардап шеккен фанатқа «Реалдың» жейдесін сыйлаған көрінеді. Бұл эпизодтардың бейне жазбасы YouTube сайтына салынған.