11:34, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Криштиану Роналду жол-көлік оқиғасына себепкер болды
ЛОНДОН. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - «Манчестер Юнайтед» клубының футболшысы Криштиану Роналду жол-көлік оқиғасына себепкер болды.
Португалдық өзінің «Феррари» көлігімен туннель қабырғасына соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. The Times басылымының хабарлауынша, ағылшын клубының жартылай қорғаушысы жаттығуға бара жатқан екен. Ойыншы аман-есен, бірақ көлігі біршама зақымданған.